ESPN Головкиннің 29 нокауты бар мексикалықпен жекпе-жегі туралы мәлімдеме жасамақ

Сурет: The Sun

ESPN журналисті Сальвадор Родригес қазақстандық боксшы Геннадий Головкиннің (41-1-1, 36 КО) келесі жекпе-жегі туралы ресми құлақтандыру жасамақ,- деп хабарлайды Vesti.kz.

"Жігіттер, Головкин - Мунгия жекпе-жегі туралы не ойлайсыздар? Ертең менде бұл айқас туралы ресми мәлімдеме болады", - деп жазыпты ол "Твиттерде".