Бокс
2 қазан 2020 10:07

ESPN Геннадий Головкиннің келесі жекпе-жегінің дәл күнін атады

Орта салмақта IBF және IBO чемпионы Геннадий Головкин (40-1-1, 35 КО) келесі жекпе-жегін 20 қарашада польшалық Камил Шереметаға (21-0, 5 КО) қарсы өткізетін болды, - деп хабарлайды ESPN.


Бокс кешін ұйымастырушыларға жақын мәлімет көзі DAZN жұма сайынғы бокс шараларының сериясын жалғастыруға дайын екенін хабарлады. Өйткені жыл соңына дейін Теренс Кроуфорд, Эррол Спенс, Энтони Джошуа, Мигель Берчельт, Оскар Вальдес, Тайсон Фьюри де рингке шығатындықтан шоу өткізу кестесі өте тығыз.

GGG 2019 жылы қазанда төрешілер шешімімен украиналық Сергей Деревянченконы жеңгелі бері рингке шыққан жоқ. Ал осы жекпе-жектің андеркартында Шеремета мексикалық Оскар Кортесті нокаутқа түсірген еді.