Дурбан (ОАР) қаласында өткен бокс кешіндегі WBF желісі бойынша жеңіл салмақта құрлықтың чемпион атағы үшін жекпе-жекте оқыс жағдай болды, деп хабарлайды vRINGe.com.
Фаворит болған Симисо Бутхелези (4-1, 2 КО) отандасы Сифесихле Мнтунгваны (7-1-2, 4 КО) жеңіп жатқан. Шешуші оныншы раундта андердог рингтен шығып қала жаздады. Төреші нокадаун болмады деп есептеп, Мнтунгваға рингке көтерілуге көмектесті.
"Осы кезде ол фаворитпен түсініксіз жағдай болып жатқанын көрді - Бутхелези зомбиға ұқсап кетті де, қарсыласымен емес, өз бетімен елестетіп алған адаммен жұдырықтаса бастады. Төреші бірден әрекет етіп, жекпе-жекті тоқтатты", - деп жазады басылым.