Болгариялық боксшы Петар Бельбаров Белградта өтіп жатқан әлем чемпионатында қарсыласын ауыр нокаутқа түсірді, деп жазады Vesti.kz тілшісі.
Аса ауыр салмақтағы бұл боксшы әлем біріншілігінің бірінші айналымында Сейшел аралдарының өкілі Кедди Агнспен кездесті. Айқас екінші раундта аяқталды.
Екінші раундтың басында Кедди алдымен нокдаунға түсті. Кейін Бельбаровтың мықты соққысы қарсыласының жағына тиді. Бұл соққыдан кейін Кедди орнынан тұра алмай қалды.
Шаршы алаңға бірден дәрігерлер көтерілді. Сөйтіп екі-үш минуттан кейін боксшы әрең дегенде есін жиды.