Испания атынан шығатын тегі венесуэлалық боксшы Энрике Луис қазақстандық Жаңқош Тұраровқа үн қатты, деп хабарлайды Vesti.kz.
11 желтоқсан боксшылар Алматы төрінде рингке шығады. Бұл жекпе-жекте бірінші жартылай орта салмақтағы IBO Intercontinental белбеуі сарапқа салынады. Луис белбеуді алып кеттінін мәлімдеді.
"Армысыз бокс сүйер қауым. Мен венесуэлалық Луис Энрике Ромеро, Испаниядан Қазақстанға ұшып келемін де, IBO белбеуін алып кетемін. 11 желтоқсан, күтіңіздер!" - деп жазыпты боксшы Instagram желісінде.