| 1XBET - ставки на спорт |

Жарнама

Бокс
Бүгін 09:21
 

Ескі қарсыласын жеңген Қазақстан капитаны Әлем кубогінің чемпионы атанды

  Пікірлер

blog.share

Ескі қарсыласын жеңген Қазақстан капитаны Әлем кубогінің чемпионы атанды ©instagram.com/boxingkazakhstan

Қазақстан құрамасының капитаны Айбек Оралбай Қытайдың Гуйян қаласында өткен World Boxing Әлем кубогының екінші кезеңінде чемпион атанды, деп хабарлайды Vesti.kz.

blog.share

Қазақстан құрамасының капитаны Айбек Оралбай Қытайдың Гуйян қаласында өткен World Boxing Әлем кубогының екінші кезеңінде чемпион атанды, деп хабарлайды Vesti.kz.

90 келіден жоғары салмақ дәрежесіндегі финалда қазақстандық боксшы Германия боксшысы Никита Путиловпен кездесті.

Үш раундқа созылған жекпе-жек барысында Айбек Оралбай айқын басымдық танытып, төрешілердің ортақ шешімімен 5:0 есебімен жеңіске жетті.

Айта кетейік, бұл қос боксшы бұған дейін 2025 жылы Астанада өткен Әлем кубогының финалында да кездескен болатын. Ол кезде де жеңіс қазақстандық спортшының еншісіне жазылған еді.

Осылайша, финалдық жарыс күнінде шаршы алаңға шыққан Қазақстан құрамасының барлық бес өкілі де жеңіске жетіп, алтын медаль иеленді.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жарнама

Живи спортом!