"Ешкімнен мұндай ауыр соққы алмаған едім". "Рептилия" қазақстандық нокаутшы жайлы

© bild.de/Torsten Helmke

"Рептилия" лақап атымен өнер көрсететін франциялық боксшы Жоан Дюопа (39-7, 26 КО) қазақстандық Жан Кособуцкимен (18-0, 17 КО) болған кездесудің нәтижесін көрсетті, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі. 

WBC International титулы үшін өткен кездесу Германияның Гамбург қаласында 22 мамырда болды. Бесінші раундтан кейін Дюопа тарабы көз жарақатына байланысты кездесуді тоқтатты. Осылайша, қазақстандық техникалық нокаутпен жеңіске жеткен еді. 

Bild ақпараты бойынша, франциялық боксшы Кособуцкиге кездесуден кейін мансабында "бұған дейін оны ешкім осылай сабамағанын" айтқан. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport