"Ешкімнен кем емеспіз". Данияр Елеусінов әлем чемпиондарымен айқасуға дайын

©Matchroom Boxing

Қазақстандық былғары қолғап шебері Данияр Елеусінов (11-0, 6 КО) алдағы жоспарларымен бөлісті, деп жазады Vesti.kz тілшісі.

Елеусінов кәсіпқой рингте америкалықтар – орта салмақта WBC тұжырымы бойынша әлем чемпионы Эррол Спенспен (27-0, 21 КО) және WBO белбеуінің иегері Теренс Кроуфордпен айқасуға дайын.

"Осы екі чемпион мақсат бізге!!! Біздің еш жеріміз кем емес бұлардан, егер де бұлар таза болатын болса бізде мүмкіндік көп…. Олардың медицинасы әлде қайда алдыда, дамып кеткен…. Бізде құдай берген дарын бар….", - деп жазды Елеусінов инстаграм парақшасында.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Метки:
Жаңалықтар