Бес жыл бұрын орта салмақты дүркіретіп тұрған шағында Геннадий Головкинмен (41-1-1, 36 KO) жекпе-жекке шықпай қойған 31 жастағы британиялық Крис Юбенк (29-2, 22 КО) болмай қалған айқас туралы қазір еске ала бастады.
"Мен оны жеңетініме толық сенімдімін. Менің "қозғалтқышыммен" және оның стилімен... Ол үнемі қолын сермей жөнеледі ғой. Ол соққы жасаудан менен асып түседі деп ойламайын. Тамаша жекпе-жек болар еді.
Оны қалай болсын биыл жеңу керек. GGG-де титул бар, ал жанкүерлер мұндай айқасты жылдар бойы сұрап келеді. Онымен жыл соңында Англияда жұдырықтасу бақыт болады. Менің жұдырықтасу стилім Гловкинді нокаутқа түсіруге керемет келіп тұр, бұған дейін мұны ешкім жасай алмаған", - деп береді Юбенктің сөзін vRINGe.com порталы Pep Talk UK арансына сілтеме жасап.
Еске салайық, бес жыл бұрын Головкинмен жекпе-жек бойынша келіссөзді осы Юбенктің өзі үзген болатын. Осыдан кейін оның орнына өзге британиялық боксшы - Келл Брук (39-3, 27 КО) Головкинге қарсылас болды.
Айта кетейік, Крис Юбенк WBA "уақытша" чемпионы титулына ие.