Орта салмақта әлемнің бұрынғы чемпионы Геннадий Головкин рингке оралатынын жоққа шығармады, деп жазады Vesti.kz.
Ақпан айында ол Ұлттық олимпиадалық комитет (ҰОК) президенті болды.
"Мен ешқашан карьерамды аяқтадым деген жоқпын, мұндай үлкен мәлімдеме жасау менің мінезімде жоқ. Сондықтан уақыт көрсетеді. Қазір менде міндет бар және маған істеп жатқаным ұнайды. Өмір мен үшін - қозғалыс. Сондықтан маған үлкен ұсыныс түссе, ол жолымды және қозғалысымды өзгертетіндей болса, қабыл алуым да мүмкін. Сол себепті тағы бір жекпе-жекті тамашалап қалуымыз да мүмкін", - дейді ол BoxingScene басылымына сұхбатында.