Жеңіл салмақта UFC ұйымының бұрынғы чемпионы Хабиб Нурмагомедов қазіргі таңдағы ең мықты боксшы деп кімді есептейтінін айтты.
"Тайсон Фьюри дәл қазір ең мықты деп сепетеймін. Ауыр салмақта өнер көрсетіп, жеңілмеген боксшы болып тұр. Ол - мықты және әрдайым сәтті өнер көрсетуде. Бірақ Александр Усик, Теренс Кроуфорд және Сауль Альварестің дейгейі оған жақын", - дейді Хабиб Esnews арнасына берген сұхбатында.
32 жастағы Фьюри кәсіпқойда 30 жеңіске жеткен (21 нокаут), ал біреуінде тең түсті. Тайсон келесі айқасын 9 қазан Деонтей Уайлдермен өткізеді.