Әлем чемпионы Асланбек Шымбергенов Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы бокстағы бәсекелестік туралы пікір білдірді, деп хабарлайды Vesti.kz.
Қазақстан құрамасының бұрынғы капитаны өткен жылдың соңынан бері жарақатына байланысты ұлттық команда сапында өнер көрсетпей жүр.
– Сен өз карьераңда өзбекстандықтарға жеңіліп көрдің бе?
– Бұрын жеңілгем, бірақ соңғы бес жылда – жоқ. Асадхужа Муйдинхужаев (Өзбекстан құрамасының мүшесі) өзі: "Бес жыл бойы Асланбекті бір де бір өзбек жеңе алмады", – деп айтқан болатын.
– Бұл шынымен солай ма? Бес жыл?
– Иә, – деді Шымбергенов "Бірінші бол" YouTube арнасына берген сұхбатында.
Асланбек Шымбергенов – 2023 жылғы Ташкентте өткен әлем чемпионатының жеңімпазы, 2022 жылғы Азия чемпионы және екі дүркін Қазақстан чемпионы (2014, 2017). Ол 2024 жылы Францияның Париж қаласында өткен Олимпиада ойындарында Қазақстан құрамасының капитаны болған, бірақ күтпеген жерден алғашқы жекпе-жегінде жеңіліп қалды.
Жарнама