Қазақстандық боксшы Лаура Есенгелді Қытайдың Гуйян қаласында өтіп жатқан World Boxing Әлем кубогының екінші кезеңінде ширек финалға жолдама алды, деп хабарлайды Vesti.kz.
70 келіге дейінгі салмақ дәрежесіндегі бұрымдылар арасындағы 1/8 финалда қазақстандық спортшы Испания боксшысы Дуния Мартинес Маспен қолғап түйістірді.
Жекпе-жек барысында Лаура Есенгелді айқын басымдық танытып, үш раунд қорытындысы бойынша төрешілердің бірауыздан шығарған шешімімен (5:0) жеңіске жетті.
Осылайша, қазақстандық боксшы турнирдің ширек финалына өтіп, жүлде жолындағы күресін жалғастырады.
Еске салайық, World Boxing Әлем кубогының екінші кезеңі 15-21 маусым аралығында Қытайдың Гуйян қаласында өтіп жатыр. Дүбірлі додаға әлемнің ең мықты былғары қолғап шеберлері қатысуда.
Жарнама