Есі ауып қалды. 25 жастағы боксшы қарсыласын 19 секундта құлатты

©Boxing Social

Телфорд (Ұлыбритания) қаласында өткен бокс кешінде екінші жартылай жеңіл салмақта WBC International Silver титулы үшін британиялық Эндрю Кейн (8-0, 7 КО) мен аргентиналық Пабло Гомес (15-10-2, 1 КО) арасындағы жепке-жек нокаутпен аяқталды.

Он раундқа есептелген айқас біріншісінде аяқталды. 19-секундта Кейн қарсыласын құлатты, төреші бірден нокдаун есептей бастады, алайда, содан кейін жекпе-жекті тоқтатты. 

Осылайша, Кейн тоғызыншы жекпе-жегінде жеңіске жетіп, титулды иеленді. Гомес карьерасында 11-ші рет жеңіліп отыр.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport