Ермахан Ибраимов AIBA ұйымында қызметке тағайындалды

Сурет: ҚБФ

Халықаралық бокс қауымдастығы (AIBA) директорлар басқармасының дауыс беру қорытындысы бойынша екі қазақстандықты басқарма органдарының мүшесі етті. Бұл туралы ҚБФ сайты хабарлап отыр. 

Қазақстан бокс федерациясының менеджері Мейрам Нұртазин жарыс өткізу мәселелері бойынша комиссия құрамына кірді, ал Сидней Олимпиадасының чемпионы, олимпиадалық дайындық орталығының директоры Ермахан Ибраимов чемпиондар мен ардагерлер мәселесі бойынша комиссияның мүшесі болды.