Қазақстандық боксшылар Санатәлі Төлтаев пен Дәулет Молдашев Испанияда өтіп жатқан Boxam Elite турниріндегі алғашқы айқастарында жеңіліп қалды, деп хабарлайды Vesti.kz.
65 келідегі 1/8 финалдық айқаста Санатәлі канадалық Габриэль Лабримен жұдырықтасты. Бірінші раундта канадалық басым болды, ал екіншісінде жарақат алып қалып, жекпе-жек тоқтатылды. Мұндайда жеңіс айқас тоқтатылғанға дейін басым болған боксшыға беріледі.
Осылай Канадалық боксшы жеңімпаз атанды, ал Төлтаев жарысты аяқтады.
Ал 60 келіде өнер көрсететін Молдашев англиялық Джейк Драйденнен төрешілердің бөлек шешімімен есе жіберіп отыр.