Бүгін, 26 қаңтарда Азия чемпионатының финалдық айқастары өтуде, деп хабарлайды Vesti.kz.
22 жасқа дейінгілер арасындағы Бангкокта өтіп жатқан турнирде шаршы алаңға Қазақстан атынан бірінші болып Санжар Тәшкенбай шықты. Бұл айқаста Санжар өзбекстандық Шодиержон Меликузиевті төрешілер шешімімен жеңді - 29:28, 29:28, 28:28, 29:28 және 29:28
Осылайша, ол ерлер арасында қоржынға бірінші алтынды салды.