Бокс
Бүгін 08:13
 

Еркебұлан Тоқтар өзбекстандық қарсыласын екі раундта нокаутқа түсірді

  Пікірлер

blog.share

Еркебұлан Тоқтар өзбекстандық қарсыласын екі раундта нокаутқа түсірді ©Видеодан кадр

Қазақстандық файтер Еркебұлан Тоқтар Астанада өткен IBA Nomad лигасының International Boxing Day турнирінде  нокаутпен жеңіске жетті, деп хабарлайды Vesti.kz.

blog.share

Қазақстандық файтер Еркебұлан Тоқтар Астанада өткен IBA Nomad лигасының International Boxing Day турнирінде  нокаутпен жеңіске жетті, деп хабарлайды Vesti.kz.

Оның қарсыласы Өзбекстаннан келген Бобиржон "Испанчик" Исроилов болды. Ол поп-ММА бағытында өнер көрсетіп, муай-тайдан әлем чемпионы атанған.

Екінші орта салмақта өткен жекпе-жек кәсіпқой бокс ережесі бойынша ұйымдастырылды. Кездесу екінші раундта аяқталды. Тоқтар қарсыласын үш рет нокдаунға түсіріп, техникалық нокаутпен жеңіске жетті.

Айта кетерлігі, бірінші раундта екі боксшы да нокдаунға түсті. 

Осы турнир аясында қазақстандық боксшы Сакен Бибосынов (3-0, 1 КО) кәсіпқой рингтегі үшінші жекпе-жегін өткізіп, төрешілер шешімімен жеңіске жетті.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жарнама

Живи спортом!