Қазақстандық файтер әріактер Еркебұлан Тоқтар ресейлік поп-ММА жұлдызы Шовхал Чурчаевпен бокс ережесі бойынша жекпе-жек өткізуді көздеп отыр, деп хабарлайды Vesti.kz.
Жуырда Астанада өткен IBA Nomad турнирінде Еркебұлан өзбекстандық Бобиржон "Испанчик" Исроиловты жеңді. Кәсіпқой бокс ережесі бойынша өткен жекпе-жек екінші раундта аяқталды.
Жеңістен кейін Тоқтар келесі қарсыласы туралы ойын айтып, Чурчаевпен әлдеқашан жұдырықтасқысы келетінін жеткізді.
"Келесі қарсыласым кім болады? Мен Шовхал Чурчаевпен жекпе-жек өткізгім келіп жүр. Әрі қарай бокс бағытымен жүрсем деймін. Өйткені ММА - тым қатаі спорт. Оның үстіне тордың ішінде өзіңді қамалған ит сияқты сезінесің. Бокста өзімді әлдеқайда еркін сезінемін. Ең бастысы тор болмағаны. Тордың ішінде өзімді ит сияқты сезінемін", - деді Тоқтар Исроиловты жеңгеннен кейін.
Айта кетейік, "Борз" лақап атты шешенстандық Шовхал Чурчаев хайп үшін жасайтын ерсілеу қылықтарымен белгілі. Осы арқылы спортшы әлеуметтік желіде қатты танымал және парақшасына жазылушылар санын жақсы көтерді.