1XBET - ставки на спорт |

Жарнама

Бокс
Кеше 08:41
 

Еркебұлан Тоқтар Елеусіновтің айтқанына еш қысылмай жауап берді

  Пікірлер

blog.share

Еркебұлан Тоқтар Елеусіновтің айтқанына еш қысылмай жауап берді ©

Қазақстандық актер және ММА файтері Еркебұлан Тоқтар Олимпиада чемпионы Данияр Елеусіновтің онымен жекпе-жек өткізуге дайынмын деген мәлімдемесіне пікір білдірді, деп хабарлайды Vesti.kz.

blog.share

Қазақстандық актер және ММА файтері Еркебұлан Тоқтар Олимпиада чемпионы Данияр Елеусіновтің онымен жекпе-жек өткізуге дайынмын деген мәлімдемесіне пікір білдірді, деп хабарлайды Vesti.kz.

Еркебұланның сөзінше, ол титулды боксшының ұстанымын толық түсінеді және оның сөздерінен ешқандай құрметсіздік көріп отырған жоқ екен.

"Данияр ақ пен қараны анық ажырата біледі. Қаржы жағынан қарасақ - бұл қызық, ақша табуға болады. Ал спорт тұрғысынан - жоқ. Өйткені спортта кімнің мықты екенін дәлелдейтін қызығушылық болуы керек. Ол ашық айтты: бұл жекпе-жекте мен үшін спорттық қызығушылық жоқ, себебі ол объективті түрде менен әлдеқайда күшті. Бұған ренжудің қажеті жоқ.
Спорттық жағынан бұл жекпе-жек маған да қызық емес. Өзімнің мықты екенімді дәлелдеу ме? Мен мықты емеспін. Ол - Олимпиада чемпионы, оның деңгейі мүлде бөлек. Бірақ қаржылық жағынан қарасақ - бұл қызық. Мен рингке шығамын, бір-екі раундқа шыдаймын, бірақ, ол мені күліп жүріп ұрады. Есесіне, мен ақша табамын.
Джейк Полға қараңыздар - иегі сынған болса да, жеке ұшақпен ұшып, қалтасын ақшаға толтырып жүр. Бұл да - жұмыс.
Ал егер мен Данияр Елеусіновке ұтылсам - бұл мен үшін ұят емес, керісінше жетістік. Онымен бір рингке шығудың өзі, тіпті кештің басты жекпе-жегінде өнер көрсету - мен үшін үлкен жетістік", - деді Тоқтар әлеуметтік желідегі парақшасында.

Айта кетейік, бұған дейін Данияр Елеусінов Еркебулан Тоқтармен мүмкін болатын жекпе-жектің спорттық мағынасы жоқ екенін, алайда қаржылық және медиялық тұрғыдан қызық болуы мүмкін екенін атап өткен еді.
 
 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жарнама

Живи спортом!