Бокс
Кеше 17:53
 

Эрисланди Лараның өзі Әлімханұлының допингпен "ұсталғанына" қатысты ойын айтты

  Пікірлер

blog.share

Эрисланди Лараның өзі Әлімханұлының допингпен "ұсталғанына" қатысты ойын айтты ©

Орта салмақтағы WBA чемпионы кубалық Эрисланди Лара (31-3-3, 19 КО) IBF және WBO белбеулерінің иегері Жәнібек Әлімханұлымен (17-0, 12 КО) жоспарланған жекпе-жектің өтпей қалуына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Vesti.kz.

blog.share

Орта салмақтағы WBA чемпионы кубалық Эрисланди Лара (31-3-3, 19 КО) IBF және WBO белбеулерінің иегері Жәнібек Әлімханұлымен (17-0, 12 КО) жоспарланған жекпе-жектің өтпей қалуына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Vesti.kz.

Еске салайық, 6 желтоқсан Сан-Антониода (АҚШ) 32 жастағы Әлімханұлы мансабындағы ең маңызды айқасын — Ларамен титул біріктіретін айқасқа түсуі тиіс еді. Алайда бұл жоспар бұзылды: Жәнібек допинг-тесттен өте алмай, кардтан дереу алынды. Осы іске байланысты Әлемдік бокс ұйымы WBO ресми тергеу бастады.

Кубалық боксшы қазақстандық спортшының жекпе-жекті құртақаны үшін жауапқа тартылуы қажет деп санайды:

"Менің ойымша, ол жазалану керек. Оның допинг-тестті оң нәтиже берді. 32 жастағы жігіт 42 жастағы қарсыласқа шығар алдында "дәрімен қуаттанған". Ол жазаға толықтай лайық деп есептеймін", - деді Лара Fightmag басылымына берген сұхбатында.

Жекпе-жек өтпей қалғанына қарамастан, Лара бәрібір Сан-Антониода шаршы алаңға шығады. Оның жаңа қарсыласы - венесуэлалық нокаутшы Йохан Гонсалес (36-4, 34 КО), ол Жәнібектің орнына айқасқа шығуға келісім берген.


Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жарнама

Живи спортом!