Бокс
Бүгін 11:33

Эрисланди Лара абсолют чемпионның ұлымен титулды айқасқа шығады

©PBC

PBC промоутерлік компаниясы орта салмақта WBA чемпионы, кубалық Эрисланди Лара (32-3-3, 19 KO) мен аустралиялық Тим Цзю (28-3, 18 KO) жекпе-жегі өтетінін ресми түрде жариялады, деп хабарлайды Vesti.kz.

Лара Цзюге қарсы титулын қорғайды

43 жастағы кубалық боксшы 32 жастағы аустралиялықпен 12 желтоқсанда Аустралияның Голд-Кост қаласында кездеседі. Бұл жекпе-жек бокс кешінің басты оқиғасы болады. Онда Лараға тиесілі WBA чемпиондық белбеуі сарапқа салынады.

Әлемнің бұрынғы абсолют чемпионы Костя Цзюдің ұлы Тим кәсіпқой карьерасын 2016 жылы бастаған. 2023 жылы ол бірінші орта салмақта (69,9 келіге дейін) әлем чемпионы атанды. Соңғы жекпе-жегін ол 2026 жылдың шілдесінде өткізіп, америкалық Эррол Спенсті жеңді.

Лара бұған дейін Әлімханұлымен жұдырықтасуы керек еді

Кубалық боксшы соңғы рет рингке 2025 жылдың желтоқсанында шықты. Сол кезде Лара қазақстандық Жәнібек Әлімханұлымен чемпиондық белбеулерді біріктіретін жекпе-жек өткізуі керек болған. Алайда кездесуге аз уақыт қалғанда Әлімханұлынан допинг анықталып, ол жекпе-жектен шеттетілді.

Нәтижесінде кубалықтың қарсыласы венесуэлалық Йохан Гонсалес болды. Лара оны төрешілер шешімімен жеңді.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport