Ербосынұлының ауыр нокауттан кейін карьерасына қатысты пікір айтылды

©

Қазақстандық Айдос Ербосынұлы боксшылар көз жұмып кетіп жатқан жарақаттан аман-есен сауғып шықты, деп хабарлайды WorldBoxingNews.net.

Айдос жекпе-жектен кейін 12 күн комада жатты. Дәрігерлер ол уақытта оның өмірін сақтап қалуға тырысып, миға қан кетуінің алдын алған. 

"Операция ойдағыдай жақсы өткен. Ербосынұлы қуанышқа орай 17 қараша комадан шықты, одан үш күн бұрын туған күні болған еді. 

Қазақстандық боксшы бірден оңалып, жағдайы жақсарды. Осыдан кейін оны жансақтау бөлімінен қатардағы палатаға ауыстырды. 

Әдетте мұндай жарақат карьераны бірден аяқтайтыныңды білдіреді. Дегенмен Айдостың командасы қазіргі таңда ресми түрде ешқандай хабарлама жасамады", - делінген мақалада. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport