Екінші орта салмақтағы қазақстандық боксшы Айдос Ербосынұлы командан шыққанан кейін әлеуметтік желіде алғашқы суретін көрсетті, деп хабарлайды Vesti.kz.
Айдос суретін Instagram желісіндегі стористе жариялапты.
Еске салайық, 6 қарашада қазақстандық боксшы кубалық Давид Моррелден нокаутпен жеңілген болатын. Суперорта дивизиондағы жекпе-жекте WBA титулы сарапқа салынған еді. 12-раундтағы нокауттан кейін Айдосты шұғыл түрде Миннеаполис қаласындағы ауруханалардың біріне жеткізді. Оны "миына қан кету" диагнозымен жасанды түрде комаға түсіріп, операция жасаған еді.