Қазақстандық кәсіпқой боксшы Айдос Ербосынұлы Қазақстанға оралды, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі.
Қараша айының алғашқы аптасында Ербосынұлы кубалық Давид Моррелмен WBA World белбеуіне таласып, 12-раундта нокаутқа түсіп карьерасында алғаш рет жеңіліс тапқан еді.
Нәтижесінде ауыр жарақат алған жерлесіміз АҚШ ауруханасында бір айға жуық ем қабылдады. Тіпті алғашқы күндері жасанды комада болды.