Ербосынұлы чемпионмен жұдырықтасу мүмкіндігінен айырылды

©Suleimen Promotions

Қазақстандық боксшы Айдос Ербосынұлы (16-0, 11 КО) супер орта салмақта WBA белбеуінің иегері кубалық Давид Моррелмен (6-0, 5 КО) кездесу өткізу мүмкіндігінен айырылып қалуы мүмкін. Дереккөздің айтуынша, кубалық боксшы қазіргі уақытта америкалық Давид Бенавидеспен (25-0, 23 КО) айқас өткізу туралы келіссөз бастады, деп жазады Vesti.kz тілшісі. 

Бұл кездесу қыркүйек айында болуы мүмкін. Жекпе-жекте Бенавидеске тиесілі WBC белбеуі сарапқа салынады екен. 

Ал Моррелге тиесілі WBA белбеуіне қатысты жаңалық жоқ. Соңғы шешімді ұйыммның өзі шығарады. Егер ұйым кубалықтан белбеуді тартып алатын болса, Ербосынұлы мен міндетті үміткер белбеуді сарапқа салады. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport