Казақстандық боксшы Ерасыл Жәкпеков IBA Дубайда (БАӘ) өткізіп жатқан әлем чемпионатының 1/4 финалына өте алмады, деп хабарлайды Vesti.kz.
80 келіде өнер көрсететін Ерасылдың 1/8 финалдағы қарсыласы ресейлік Джамбулат Бижамов болды.
Бірінші раундта Жәкпеков қазылардың бөлек шешімімен (3:2) басым болды. Екінші үшминуттық кезең ресейлік боксшының пайдасына аяқталды – 4:1.
Үшінші раундта Жакпеков қарсыласын нокдаунға түсірді, бірақ, соған қарамастан, төрешілер жеңісті 4:1 есебімен ресейліктің пайдасына жазды.
Бижамов жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионы, үш дүркін жасөспірімдер әлем чемпионы және ересектер арасындағы әлем чемпионатының күміс жүлдегері.
Жарнама