Ералиев құрамаға қайта оралуы мүмкін. Әлем чемпионатында жеңіл салмақта Қазақстан намысын кімдер қорғайды?

©ҚФБ

Он күннен кейін бокстан Қазақстан құрамасы әлем чемпионаты өтетін Сербия еліне аттанады. Бірақ әлем біріншілігінде бақ сынайтын біздің құраманың боксшылары белгілі болмады. Осы орайда Vesti.kz тілшісі құрамаға шолу жасап, жеңіл салмақта ел намысын кімдер қорғауы мүмкін екенін сараптап шықты. 

Биыл әлем чемпионатында 13 салмақта алтын жүлде сарапқа салынады. Сондықтан да бұл байрақты бәсекеге баруға боксшылардың да мүмкіндігі арта түсті. Әсіресе ауыр және жеңіл салмақтағы боксшылар. Біз бұл материалымызда жеңіл салмаққа топқтап, кімдер баруы мүмкін екенін айтып көреміз. 

Жеңіл салмақта Қазақстан құрамасында мықты боксшылар жиналған. Олардың қатарында мына жігіттер бар: 

48 келі - Даниял Сабит, Жомарт Ержан және Теміртас Жүсіпов.

51 келі - Сәкен Бибосынов, Санжар Тәшкенбай және Талғат Сырымбетов.

54 келі - Сабырхан Махмұд, Олжас Байниязов және Кенже Мұратұлы.

57 келі - Қайрат Ералиев, Оразбек Асылқұлов, Бибарыс Жексен және Айдос Арапов.

Иә, Ұлттық құрамаға Қайрат Ералиев те қайта оралуы мүмкін. Ол 2017 жылы шашасына шаң жұқтырмай, әлем біріншілігінде топ жарған болатын. Сонымен қатар, Сербияға баруға Сәкен Бибосынов пен Жомарт Ержанның мүмкіндіктері жоғары. Дегенмен, соңғы құрам Шымкенттегі оқу-жаттығу жиындарынан кейін толық анықталады. Бұл жиынға 30-дан астам боксшы қатысуда. 

Еске салайық, Белградтағы әлем біріншілігі 24 қазан күні басталып, 6 қарашаға дейін жалғасады. 

 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Метки:
Жаңалықтар