Егер ол жұдырықтасқысы келсе, біз жекпе-жекті ұйымдастыра аламыз. Түсінесіздер ғой? "Б" тарапы, "В" тарапы, маған бәрібір. Ол мұнда қалай келу керегін біледі. Осында орала алады", - дейді Чарло.
Андраде көп күттірмей жауап берді.
"Бірнеше апта бұрын Чарло DAZN-мен бір жекпе-жекке келісімшарт жасасуға дайын еді. Өйткені ол өз-өзіне промоутер. Енді келіп Lions Only Promotions компаниясында өзіне өзі бастық болып қапты және онымен жұдырықтасу үшін мен алдына бару керек екенмін. Менде келісмшарт барын және өйте алмайтынымды біледі. Сондықтан мұның бәрі былжырақ!
Егер Чарло шынымен өзіне қожайын және мұны қаласа, бір қоңырау шалса балғаны бәрі дайын. Эдди Хирн бірнеше апта бұрын Чарлоға бір жекпе-жекке келісімшарт беруге дайын екенін көпшілік алдында мәлімдеген. Онда не қиындық бар? Өз белбеуіңді менікіне қарсы қой. Мен де мамырда боспын. Ер болсаң, өз сөзіңе жауап бересің. Бір қоңырау", - дейді Андраде.