WBC "жастар" титулы үшін жекпе-жекте қытайлық қарсылас қазақ боксшының тегеурініне шыдай алмады
Айта кетейік, Фернандес британиялық Энтони Джошуаға WBA (Super), WBO, IBF және IBO титулдары үшін Энди Руиспен (33-2, 22 КО) қарымтаға дайындалуға көмектескен.
- Тамаша бокс кеші. Елдеріңізге келгеніме қуаныштымын. Бокс үшін жанкүйер бола алатын керемет адамдар, - дейді Фернандес.
- Сұлтанның жекпе-жегінен қалған әсер?
- Сұлтан үшін ғажайып сәт. Карьерасындағы маңызды қадам. Бұл Лондондағы ауыр жаттығулардың нәтижесі. Жекпе-жекте нұсқауларымның бәрін орындады. Алда көп еңбектеніп, шеберлігін ұштау қажет.
- Алдағы жоспар?
- Оның ісін MTK Global жүргізеді. Келесі қарсыласы кім болатынын білемін, бірақ, ол бәріне дайын болады. Бірінші белбеу - өте маңызды жетістік. Толыққанды титулды екі жылда жеңіп алатынымзға сенімдімін. Дегенмен оған асығу керек. Ол жас және өзінікіне уақытнда жету қажет.
- Энтони Джошуамен таныстық оны ынталандыра түсті ме?
- Солай деп есептеймін. Джошуа Сұлтанды ынталандыра түсті. Энтониге, оның танымалдығына қарап, Сұлтан одан үлкен жетістіктерге құлшынады.
- Келесі жылы бірге жаттыға ма?
- Әбден мүмкін. Бір лагерде жаттығатын шығар.
- Джошуа мен Сұлтан арасындағы спаррингті көре аламыз ба?
- Мұны тамашалайтын едім (күледі). Кім жеңетінін де айта алмаймын, өйткені Сұлтан менің боксшым. Мені Сұлтанға жақтас боламын (күледі).
- Сұлтан Англияда қандай қиындырмен бетпе-бет келді?
- Оған ыңғайлы. Күнде жаттығады. Әрдайым жақсара түсуге тырысады. Ағылшын тілімен аздаған қыиндықтары бар, алайда, үйренеді деген ойдамын. Айтпақшы, бұл бізге ешқандай кедергі емес. Ол мені жақсы түсінеді.
- Қазақстан қандай екен? Не ұнады?
- Қазақстан өте ұнады. Тағамдарыңыз тамаша. Асылған ет өте дәмді екен.