Энтони Джошуаның залында жаттыққан қазақ боксшы 16 қарсыласын жеңген британиялықпен жұдырықтасады

©instagram.com/sultanzaurbek

Желтоқсан айының 11 жұлдызы Алматыда кәсіпқой бокс кеші өтеді. MTK Global Kazakhstan промоутерлік компаниясы ұйымдастырып отырған бокс шоуында рингке 12 жұп шығады деп жоспарланып отыр. Олардың арасында отандасымыз Сұлтан Зауырбек (11-0, 7 КО) ұлыбританиялық Райан Уиллирмен (16-1-1) жұдырықтасады. Бірнеше айдан бері Англияда жаттыққан жерлесіміз алдағы айқасы жайы ойымен бөлісті.

"Алдағы жекпе-жегіме тыңғылықты дайындалып жатырмыз. Тұманды Альбионда үш ай жаттықтым. Бірнеше спарринг қарсыласпен жұмыс істедім. Қазіргі таңда елордада Қазақстандағы бапкеріммен оқу-жаттығу жиындарын жалғастырып жатырмын. Өзімнің жеке бапкерім Англиядан келе алмады. Себебі ол жақта оның тағы да екі шәкірті маңызды айқастарын өткізеді. Әлемдік титулға шығайын деп жатыр. Сондықтан, алдағы жекпе-жекке келе алмайды. Қарсыласымды әлі толық зерттемедім. Бапкеріммен бірге оны әлі де болса зерттейтін боламыз. Алдағы айқасқа 10 күндей уақыт қалды. Жалпы барлық жағынан дайынбыз", - дейді Зауырбек Vesti.kz тілшісіне берген сұхбатында.

Еске салайық, аталмыш бокс кешінің басты кездесуі Олимпиада ойындарының қола жүлдегері Қамшыбек Қоңқабаев пен ұлыбританиялық Стивен Уорд арасында өтеді.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Метки: