auth.social_login
js.pozhaluista_podojdite js.ukazhite_email js.ukazhite_imya_ili_psevdonim js.ukazhite_parol js.dlya_registracii_na_saite_vy_doljny js.dlya_redaktir_profilya js.ukazhite_korrektny_email material_dobavlen_v_izbrannoe js.dobavit_v_izbrannoe js.ubrat_iz_izbrannogo js.paroli_ne_sovpadayut js.zadaite_parol_dlya_vhoda_na_sait js.horoshi_parol_doljen_soderjat js.spasibo_za_vash_golos js.dobavit_plus_1 js.ubrat_plus_1 js.vyberite_variant_otveta
js.mesto
жаңа тег қосу Слайдшоу қарау (пробел) Пауза Артқа Алға Орнынан көшіру Жабу (Esc) Толық көлеміне ашу Суретті жабу үшін жай басыңыз, қозғау үшін басып жібермеңіз
Пікіріңізге рахмет! Мәтін қойыңыз...
По-русски Табло
Сайтқа кіру
auth.social_login:
Сіздің Vesti.kz сайтындағы аккаунт Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?
Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?

Сіздің жаңа құпия сөзіңізді жіберетін email-ді атаңыз. Ақырында сіз құпия сөзді жеке бетіңізде өзгерте аласыз

Энтони Джошуаның келесі жекпе-жегі Қазақстанда өтуі мүмкін. Промоутер мәлімдеме жасады

Кездесу Ұлыбританияда өтпейтіні анық.

Энтони Джошуаның келесі жекпе-жегі Қазақстанда өтуі мүмкін. Промоутер мәлімдеме жасады
Сурет: Fightnews.info
Промоутер Эдди Хирн суперауыр салмақта WBA (Super), WBO, IBF және IBO чемпионы британиялық Энтони Джошуаның (23-1, 21 КО) жекпе-жегіне қатысты мән-жайды айтты, - деп хабарлайды BoxingNews24.com.

Наурыз басында Джошуа болгариялық Кубрат Пулевпен (28-1, 14 КО) жұдырықтасатыны туралы құлақтандырылды. Кездесу 20 шілде Лондондағы "Тоттенхэм" стадионында өту керек болған, алайда, коронавирус салдарынан шегерілді. 

Енді Джошуаның командасы бокс кешін көрермендермен өткізе алатын орын іздеуде.

"Қазақстан, Қытай, Сауд Арабиясы және Абу-Дабимен сөйлестік. Бұл кездесуді көрерменсіз өткізуге бола ма? Мұндай деңгейдегі жекпе-жек билетінің сатылымынан 10 миллион доллар түсіруге болады. Сондықтан көрерменсіз болмайды. 10 миллионды қайдан аламыз? Сондықтан түрлі мемлекеттерді қарастырып жатырмыз. 

Мәселен Аустралия мен Жаңа Зеландияда коронавирус жұқтыру өте төмен, жоқтың қасы. Егер жекпе-жекті қалаған жерімізде өткізе алмасақ, билет сатудан түсетін табыстың орнын толтыру үшін тапқырлық қажет. 

Ұлыбританияда өткізгіміз келеді, бірақ, ол мүмкін емес. Джошуаның айқасын көрерменсіз ұйымдастырғым келмейді. Егер жекпе-жекті бос қалған залда өткізсек, ол өзін жайсыз сезінеді. Ал Джошуа қыркүйек пен қараша арасында жұдырықтасады деп ойлаймын", - дейді промоутер. 
Әлеуметтік желілерде бөлісу


Жаңалықтар