Суперауыр салмақта WBA/IBF/WBO чемпионы британиялық Энтони Джошуаның (24-1, 22 КО) промоутері Эдди Хирн осы дивизионда WBC титулына ие Тайсон Фьюримен (30-0-1, 21 КО) айқас өтетін уақытты шамалады.
"7 немесе 14 тамыз. Ал жекпе-жек Сауд Арабиясында өтетіні бәріне белгілі. Бұл ақпаратты бөлісуге қарсы емеспін, оның үстіне (Фьюридің промоутері) Боб Арум мұны жайып салды ғой", - деп береді Хирннің сөзін vRINGe.com порталы Sky Sports сайтына сілтеме жасап.
Сонымен қоса, Хирн 14 тамыз ұтымдырақ күн екенін де атап өтті, өйткені бір апта бұрын Токио Олимпиадасының ақтық сайыстары өтеді.
Айта кетейік, боксшылар 2021 жылы екі рет кездесу өткізу керек. Ал жекпе-жек үшін 75 миллион доллар табыс көрмек.