Энтони Джошуа ауыр нокауттан кейін ешкім күтпеген шешім қабылдады
Британиялық боксшы Энтони Джошуа (28-4, 25 КО) келесі жекпе-жегіне қатысты күтпеген шешім қабылдады.
Британиялық боксшы Энтони Джошуа (28-4, 25 КО) келесі жекпе-жегіне қатысты күтпеген шешім қабылдады.
Сарапшылардың көбі Дэниель Дюбуадан (22-2, 21 КО) ауыр нокаутпен жеңілген Джошуа біразға дейін үзіліс алады немесе тіптен карьерасын аяқтайды деп пайымдаған еді. Алайда Энтони тіпті жекпе-жектер арасын бұрынғыдан бетер жиілетпек сияқты. Ал Джошуаның Дюбуамен айқасынан бері бір апта да өткен жоқ.
Мәселен, Сауд Арбиясының Ойын-сауық істері бас басқармасының төрағасы Турки Әл аш-Шейх әлеуметтік желіде британиялық боксшы жақын арада рингке шығатынын жазыпты. Бұл ақпаратты Джошуаның өзі ратсады:
"Турки Әл аш-Шейхпен келіссөздер жүріп жатыр. Жекпе-жекке келген барлық жанкүйеріме алғыс білдіремін, мен бәріңді бағалаймын", - деді Джошуа.
Жарнама