Польшалық боксшы Камил Шеремета (21-1, 5 КО) орта салмақта IBF және IBO чемпионы Геннадий Головкинге (41-1-1, 36 КО) сабақ болған жекпе-жек үшін алғысын білдірді,- деп хабарлайды Vesti.kz. Ол өзінің Instagram желісінде GGG-ге көзқарасын жазды.
"Головкинге жекпе-жек үшін рахмет. Оның арқасында алда қанша еңбектену керектігімді енді түсіндім", - деп жазыпты Шеремета.