Қазақстандық боксшы қарсыласын үш рет нокадунға жіберді
"Қарсыласым төрт рет ауысқаны қиын болды. Аз уақытта тактиканы қайта құрған ауыр. Аргентиналық алдыңғы қолын үнемі түсіретінін білдік, соққыларды одан ертерек жасау қажет болды. Ол 43 жеңіске жеткен тәжірибелі боксшы. Фредди Роуч залындағы жаттығулар жақсы өтіп, өз жемісін берді. Осының арқасында жеңіске сенімді жеттім.
Қазір жеңілмеген және болашағы зор боксшылар көп. Бәрі жеңіске жетіп, атын шығарғысы келеді. Біз де рингке тек жеңіс үшін шығамыз! WBC желісіндегі белбеу - жаңа жекпе-жектерге деген ынталандыру. Эгис Климас жақсы жаңалықтармен қуантуға уәде берген. Қазір тынығып алып, келесі жылы тек мықты боксшылармен жұдырықтасқым келеді", - дейді Әшкеев.