Қазақстандық бұрымды боксшы Гұлнәр Тұрапбай Софяида (Болгария) өтіп жатқан Странджа кубогі-2025 турниріндегі алғашқы айқасында жеңіске жетті, деп хабарлайды Vesti.kz.
50 келіге дейінгі салмақта оның 1/8 финалдағы қарсыласы англиялық Келси Оукли болды.
Бұл айқаста Гүлнәр - 5:0 есебімен таза жеңіске жетті.Енді 1/4 финалда 22 жасқа дейінгілер арасында Азия чемпионы болып келетін қазақстандық бұрымды болгариялық Златислава Чукановамен кездеседі, 1/8 финалда ол франциялық Майсун Бурегадан басым болды. Бұл айқас ертең 26 ақпанда өтеді.