Екінші орта салмақта әлемнің абсолют чемпионы Сауль "Канело" Альварес (57-1-2, 39 КО) қазақстандық Геннадий Головкинмен (41-1-1, 36 КО) үшінші айқас тек спорттық бәсеке ғана емес екенін мәлімдеді, деп хабарлайды vRINGe.com.
"Канело" 7 мамырда Дмитрий Биволмен (19-0, 11 КО) жекпе-жек өткізеді, ал Головкин 9 сәуірде жапониялық Риота Муратамен (16-2, 13 КО) жұдырықтасады. Егер Альварес те, Головкин де алдағы кездесулерінде жеңіске жетсе, 17 қыркүйекте трилогия болады.
"Таптап өтеді". Сарапшы Головкин - "Канело" айқасы жайлы
"Иә, бұл жеке есеп айырысу. Ол іріген сөздерді көп айтты. Аузы жабылар емес. Енді көреміз. Алға жүгірмей-ақ қояйық. Қазір 100 пайыз назарым 7 мамырдағы жекпе-жекте. Содан кейін Голвкин туралы сөйлесеміз",- дейді Альварес.