QzsBT4ks6GIzXKGjz078aR6Qhk7kEVpv0bK5wL4z
auth.social_login
Пожалуйста, подождите... Укажите email Укажите имя или псевдоним Укажите пароль Для регистрации на сайте Вы должны принять Правила сообщества Для редактирования профиля необходимо авторизоваться на сайте Укажите корректный Email material_dobavlen_v_izbrannoe Добавить в избранное Убрать из избранного Пароли не совпадают Задайте пароль для входа на сайт Хороший пароль должен содержать строчные, заглавные латинские буквы и цифры. Рекомендуется добавлять знаки препинания и задавать длину пароля не менее 8 символов Спасибо за Ваш голос! Добавить +1 Убрать +1 Выберите вариант ответа
Место
Русский Табло
Сайтқа кіру
auth.social_login:
Сіздің Vesti.kz сайтындағы аккаунт Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?
Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?

Сіздің жаңа құпия сөзіңізді жіберетін email-ді атаңыз. Ақырында сіз құпия сөзді жеке бетіңізде өзгерте аласыз

"Енді GGG ештеңені жоғалтудан қорықпайды". Белгілі бапкер Головкин - "Канело" жекпе-жегіндегі нокаут жайлы

"Енді GGG ештеңені жоғалтудан қорықпайды". Белгілі бапкер Головкин - "Канело" жекпе-жегіндегі нокаут жайлы
Сурет: Allboxing
Мексико-америкалық белгілі бапкер Хоэль Диас Fight Hub TV арнасына берген сұхбатында қазақстандық Геннадий Головкин (40-1-1, 35 КО) және мексикалық Сауль "Канело" Альварес (53-1-2, 36 КО) арасындағы үшінші жекпе-жекке қатысты ойын айтты. 

"Меніңше, "Канело" - Головкин трилогиясы мексикалықтың Сондерспен жекпе-жегінен маңызды. Көбі бұл текетіресте драмма аз болды деген ойда. Сондықтан келесіде жанкүйерлер риза болатындай нағыз айқас керек. GGG бір жеңілді. Енді ол жеңілмеген деген атақтан айырылғандықтан рекорды үшін уайымдамайды. Білесіздер ме, жеңіліс сені еркін етеді. Енді Головкин "Жоғалтар ештеңем жоқ, не болса ол болсын" деп те ойлауы мүмкін. 

Нью-Йоркте Головкиннің Деревянченкомен айқасын өз көзіммен көрдім. Ол Головкинді бірнеше рет есеңгіретті. Сондықтан әр жекпе-жек сайын күшейіп келе жатқан Альварес Геннадийді нокаутқа түсіруі әбден мүмкін. Дегенмен жанкүйерлерге бұл ұнай қоймас. Олар: "40 жастағы шалды жеңгенімен мәз бе?" дейтіні анық. 

Альварес не істесе де лайықты құрметке ие бола алмайды. Дегенмен бұл мықты жекпе-жек болады. Головкиннің жанкүйерлері әлі де көп. Олар әлі де оған сенеді. Көбі Головкин Альваресті екі рет те жеңді деп ойлайды. Сол себепті "Канелоға" жай емес, сенімді жеңіс қажет. Ендеше осы жекпе-жектің ғана мәнісі бар. Ал Сондерспен айқасты көрмейтін де едім", - дейді Диас.
Әлеуметтік желілерде бөлісу


Жаңалықтар