auth.social_login
Пожалуйста, подождите... Укажите email Укажите имя или псевдоним Укажите пароль Для регистрации на сайте Вы должны принять Правила сообщества Для редактирования профиля необходимо авторизоваться на сайте Укажите корректный Email material_dobavlen_v_izbrannoe Добавить в избранное Убрать из избранного Пароли не совпадают Задайте пароль для входа на сайт Хороший пароль должен содержать строчные, заглавные латинские буквы и цифры. Рекомендуется добавлять знаки препинания и задавать длину пароля не менее 8 символов Спасибо за Ваш голос! Добавить +1 Убрать +1 Выберите вариант ответа
Место
Русский Табло
Размещение рекламы: +7 700 388 81 09
RU
Сайтқа кіру
auth.social_login:
Сіздің Vesti.kz сайтындағы аккаунт Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?
Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?

Сіздің жаңа құпия сөзіңізді жіберетін email-ді атаңыз. Ақырында сіз құпия сөзді жеке бетіңізде өзгерте аласыз

Жарнама

Енді чемпион емес. Головкин соңғы титулынан "айырылды"

Енді чемпион емес. Головкин соңғы титулынан "айырылды"
©boxingscene.com

Қазақстандық кәсіпқой боксшы Геннадий Головкин (42-2-1, 37 КО) орта салмақтағы IBO чемпионы атағынан ресми түрде бас тартты. Бұл оның қазіргі таңдағы жалғыз белбеуі еді.

Халықаралық бокс ұйымының (IBO) президенті Эд Левин орта салмақтағы чемпиондық атақ өз иесін күтетінін хабарлады. Сондай-ақ Генаның мықтылығын ерекше атап өтті.

"Геннадий мен IBO арасындағы құрметке лайық байланыс 12 жылға жалғасты. 22 жекпе-жек болды. Біздің белбеумен оның орта салмақтағы чемпиондық жолы басталды. Басты қарсыластары қаншама жыл жұдырықтасудан сескеніп-ақ жүрді. Себебі ол бірде-бір рет нокдаунға түспеген мықты боксшы болды. Орта салмақта ол чемпиондық атақтан бас тартқан шешіміне құрметпен қараймыз, әрине, өкінішті де. Бұл атақ осы салмақтағы өз иесін күтеді", - деді Эд Левин.

IBO атақ-дәрежесі бойынша кәсіпқой бокстағы бесінші ұйым. Абсолют чемпион атану үшін бұл ұйымның чемпиондық атағы қажет емес. Сондықтан кей боксшылар бұл белбеуден бас тартып та жатады.

Геннадий Головкин бұл атақты 2011 жылдың 9 желтоқсанында Лахуан Саймонды жеңгеннен кейін иеленген еді. 2018 жылы «Канелодан» жеңілгенде атағынан айырылған. Алайда мексикалық бұл белбеуден бас тартқаннан кейін, 2019 жылы Гена Сергей Деревянченконы жеңгеннен қайта иеленген болатын.

Қазақстандық боксшы бұған дейін WBA Super және IBF чемпиондық атақтарын кері қайтарған еді. Енді отандасымыз ешқандай чемпиондық белбеуге ие емес. Бұған дейін мансабын аяқтауы мүмкін деген де ақпарат тараған. Әзірге қандай шешім қабылдайтыны боксшының өзіне ғана аян.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Әлеуметтік желілерде бөлісу

Жарнама



Жарнама

Загрузка матч-центра...

Статистика
Футбол
  • Футбол
  • Футзал
  • Хоккей
  • Волейбол
  • Баскетбол
  • Бенди
  • Водное поло
  • Гандбол
  • Хоккей на траве

Жарнама

Жаңалықтар

Жарнама

Жарнама