"Енді Альваресті тонау қалды". Бұрынғы әлем чемпионы Ковалевтің нокаутпен жеңісі жайлы

© ToFight.Ru
Бұрынғы әлем чемпионы Андре Уорд ресейлік Сергей Ковалевтің жартылай ауыр салмақта WBO титулы үшін жекпе-жекте Энтони Ярдты жеңгеніне қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Vesti.kz. Амеркиалықтың ойынша, британиялық боксшыға Ковалевті жеңу үшін бірнеше соққы ғана жетпеген. 

"Ковалевті жеңу үшін Ярдқа екі-үш соққы жетпей қалды. Ол жұдырықтаса біледі, оған дайындық бағдарламасына түзетулер енгізу қажет. Ал Ковалев күші сарқылмағанын дәлелдеді, алайда, енді оған "Канелоны" тонау керек. Енді ресейлік үшін әрбір жекпе-жек ауыр болады", - деп жазыпты Уорд твиттер желісінде. 

Еске салайық, Ковалев 11-ші раундта Ярдты нокаутқа түсірді. Бұл 36 жастағы ресейлік үшін 38 жекпе-жегіндегі 34-ші жеңісі.