"Енді әлсіз қарсылас болмайды". Маман Әлімханұлын ескертті

©Top Rank

MMA Sport порталының журналисі Бен Смит Vesti.kz тілшісіне берген сұхбатында Жәнібек Әлімханұлының соңғы айқасына қатысты ойымен бөлісті.

"Жекпе-жек тартысты өтті. Қарсыластар жойқын соққыларын бір-біріне көп жұмсады. Маған Әлімханұлының алғашқы раундтардағы іс-әрекеті ұнады. Ол Бентлидің соққыларынан жылдам қашып отырды. Алайда Бентли айқастың соңына қарай керемет өнер көрсете бастады. Тек сәттілік жетіспеді. Қазақстандық боксшы айқын басымдықпен жеңіске жетті дей алмаймын. Жәнібектің бапкерлік штабы алдағы уақытта қателіктермен жұмыс істейді деген ойдамын. Себебі бұдан былай Әлімханұлының қарсыластары әлсіз болмайды", - дейді Смит.

Еске салайық, Жәнібек Әлімханұлы британиялық Дензел Бентлимен жекпе-жек өткізіп, төрешілер шешімімен жеңіске жетті. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport