Бокс
21 ақпан 2024 12:08
 

Еңбек сіңірген бапкер Өзбекстаннан үлгі алу керектігін айтты

  Пікірлер

blog.share

Еңбек сіңірген бапкер Өзбекстаннан үлгі алу керектігін айтты ©

Өзбекстанда туған Аман Қонысбеков Қазақстан атынан өнер көрсетпек. Осыған байланысты Қазақстанның еңбек сіңірген бапкері Жұмабек Өмірзақов өз пікірін білдірді, деп жазады Vesti.kz.

blog.share

Өзбекстанда туған Аман Қонысбеков Қазақстан атынан өнер көрсетпек. Осыған байланысты Қазақстанның еңбек сіңірген бапкері Жұмабек Өмірзақов өз пікірін білдірді, деп жазады Vesti.kz.

"Иә, ол жігіт көшіп келді, бірақ оған ешкім командадан орын дайындап қойған жоқ. Өзіңнің мықты екеніңді дәлелдеу керек. Қолынан келе ме? Міне бұл сұрақ. Екінші жағынан Бақыт Сәрсекбаев та Өзбекстаннан көшіп келді. Азия және Олимпиада чемпионы болды. Қазақстанға енді келгенінде оған оңай болған жоқ, бірақ мықты екенін ақыры дәлелдеді. Аман Бақыттың жолын қайталай ала ма? Уақыт көрсетеді. 

Көрші елде боксқа үлкен назар аударылады. Олар өз елі мен спорты үшін жұмыла еңбектенеді. Осы жағынан бізге Өзбекстаннан үлгі алу керек", - дейді бапкер. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жарнама

Живи спортом!