Бокс
29 наурыз 2020 15:30

"Ең мықтылармен ғана...". 28 нокауты бар проспект "Канело" және Головкинмен жекпе-жек жайлы

Сурет: bolavip.com
Бірінші орта салмақта бұрынғы әлем чемпионы мексикалық Хайме Мунгия (35-0, 28 КО) орта дивизиондағы ең мықты боксшылар - Сауль "Канело" Альварес (53-1-2, 36 КО) және Геннадий Головкинмен (40-1-1, 35 КО) әлі де күш сынасқысы келетінін мәлімдеді, - деп хабарлайды vringe.com.


"Мен әлдеқайда жаспын. Өсіп келем, тәжірибе мен күш жинап. Әлбетте маған Головкин және Альвареспен қазір жұдырықтасудың қажеті жоқ. Бір немесе екі жыл күткенім жөн. Олармен жекпе-жекке шыққым келеді. Ең мықтылармен ғана айқассам деймін. Альварес және Головкинмен жекпе-жек туралы келіссөздер өтті, бірақ, нақты ештеңе жоқ. Промоутерлер пікір алмасты. Ал мен ешқайда асықпаймын. 

2 мамыр Лас-Вегаста Альварес кардында жекпе-жекке шығуым керек еді. Алайда ол жерде де ештеңе шешілген жоқ болатын. Нақты бір келіссөз өтпеді. Қазір де сол. Отырмын келесі жекпе-жегімді күтіп", - дейді 23 жастағы боксшы.