Орта салмақта WBC чемпионы Джемалл Чарло (31-0, 22 КО) осы дивизионда IBF және IBO титулдарына ие қазақстандық Геннадий Головкинмен (41-1-1, 36 KO) жекпе-жекке шаққысы келетінін кезекті рет мәлімдеді, деп хабарлайды Vesti.kz.
"Әлемде бірінші екенімді мойындағанын көксеймін. Ең мықтылармен жұдырықтасқым келеді, бірақ, бұл қиын. Командам Головкин, "Канело" және Андраде сияқтылармен байланысқа шыққан. Титулы бар бәрімен. Мен дивизионда ең мықтылардың бірі екенім анық, өйткені менен қашып жүр. Амал не? Өзгелермен жұдырықтасып, жеңе беру ғана қалады.
Иә, Головкинмен жекпе-жекті қалаймын. Бұл айқас үшін олардың шарттарын қабылдауға дайынмын. Олар қаласа үлкен рингке де келісемін. Өздерінің жерінде айқас керек пе, оған да көнемін. Шарттарды мен айтпай-ақ қояйын. Келіскеннің қайсымен болса да жұдырықтасуға дайынмын", - деп береді Джермаллдың сөзін Boxingscene.com.