Ең мықты боксшы карьерасындағы аса шебер қарсыласын атады

©instagram.com/tbudcrawford

Жартылай орта салмақта әлемнің абсолют чемпионы америкалық Теренс Кроуфорд (40-0, 31 КО) карьерасындағы ең ауыр жекпе-жек туралы айтып берді, деп хабарлайды Vesti.kz.

Кроуфорд 2014 жылы жеңіл салмақта кубалық Юриоркис Гамбоамен титулды жекпе-жек кареьрасындағы ең ауыр болғанын айтады. Теренс ол айқаста тоғызыншы раундта техникалық нокаутпен жеңіске жетті. 

"Гамбоаны келесі Флойд Мейвезер деп атайтын. Ол pound for pound тізіміндегі ең мықты боксшылар қатарында болды. Рейтингі де жоғары еді. Олимпиада чемпионы. Ол маған қарағанда тәжірибелі болды, сондықтан мен ол айқаста көп дүние үйрендім. Мен ешқашан ол сияқты боксшымен бетпе-бет келген емес едім", - деп береді Кроуфордтың сөзін Boxing Social.

Тайсон атақты емес бірақ әлемде ең мықты боксшыны атады

 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жаңалықтар