auth.social_login
Пожалуйста, подождите... Укажите email Укажите имя или псевдоним Укажите пароль Для регистрации на сайте Вы должны принять Правила сообщества Для редактирования профиля необходимо авторизоваться на сайте Укажите корректный Email material_dobavlen_v_izbrannoe Добавить в избранное Убрать из избранного Пароли не совпадают Задайте пароль для входа на сайт Хороший пароль должен содержать строчные, заглавные латинские буквы и цифры. Рекомендуется добавлять знаки препинания и задавать длину пароля не менее 8 символов Спасибо за Ваш голос! Добавить +1 Убрать +1 Выберите вариант ответа
Место
Русский Табло
Размещение рекламы: +7 700 388 81 09
RU
Сайтқа кіру
auth.social_login:
Сіздің Vesti.kz сайтындағы аккаунт Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?
Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?

Сіздің жаңа құпия сөзіңізді жіберетін email-ді атаңыз. Ақырында сіз құпия сөзді жеке бетіңізде өзгерте аласыз

Жарнама

"Ең мықты боксшы". Головкин "Канелоның" бірегейлігін мойындап, үшінші жекпе-жектің орны мен уақытын атады

"Ең мықты боксшы".  Головкин "Канелоның" бірегейлігін мойындап, үшінші жекпе-жектің орны мен уақытын атады
© reviewjournal.com
Орта салмақта бұрынғы әлем чемпионы Геннадий Головкин (38-1-1, 34 КО) Rich Eisen Show бағдарламасының қонағы болып, мексикалық Сауль "Канело" Альвареспен (52-1-2, 35 КО) жекпе-жектері туралы бірнеше сұраққа жауап берді.

Головкиннің сөзінше, ол "Канеломен" қыркүйекте қайта жұдырықтасуға дайын. 

"Бұл жекпе-жекті қалаймын, барлығы да қалайды. Көбі мене сұрайды: "Хэй, G, сен қалайсын ғой". Менің жауабым: "Әрине". Бірінші кезекте бұл бизнес. Бұл DAZN-мен келісімшарттың бір тұсы. Мұнда үлкен қаржы айналып жатыр. Көпшілік көкейінде сұрақ қалды, соның ішінде менде де, "Канелода" да. Бітпеген ісіміз бар.  

Жекпе-жек қыркүйекте өтуі мүмкін. Бірақ қазір бар назарым Ролллспен кездесуде. Ешқандай қиындық тумаса, мен дайынмын, "Канело" да дайын деген ойдамын, бұл жақсы мәміле. 

Әрине, біріншщі және екінші жекпе-жекте де жеңдім деген ойдамын. Мұны барлығы біледі. Сондықтан үшінші кездесуді қалаймын. Қыркүйеке тамаша уақыт. Неге болмасқа?", - дейді головкин. 

Ал "Канеломен" үшінші жекпе-жекті қайда өткізгісікелетіні туралы сұраққа Головкин: "Маған бокстың ескі мектебі ұнайды. Мысалы, "Бокс Меккесі" - Madison Square Garden. "Канело" тарапына Лас-Вегас жағымдырақ. Мүмкін Далласқа, AT&T Stadium аренасына келісеміз. Бұл бизнестің бір бөлігі

Сонымен бірге,  Головкин "Канело" карьерасындағы ең қиын қарсылас болғанын мойындады.

"Иә, 100 пайызға. Ол өзінше бірегей деуге болады, ол жас. Барлық боксшылар өзгеше, олардың барлығын құрметтеймін. Дәл қазір "Канело" карьерасының ұшар шыңында. Мүмкін ол ең мықты да болар", - деп атап өтті қазақстандық.
Әлеуметтік желілерде бөлісу

Жарнама



Жарнама

Загрузка матч-центра...

Статистика
Футзал
  • Футзал
  • Футбол
  • Хоккей
  • Волейбол
  • Баскетбол
  • Бенди
  • Водное поло
  • Гандбол
  • Хоккей на траве

Жарнама

Жаңалықтар

Жарнама

Жарнама