"Ең қиыны Головкин болады". Қанат Исламның дивизионындағы IBF, WBA чемпионы GGG-дің салмағына ауыспақ
© ToFight.Ru
Алғашқы орта салмақтағы IBF ижәне WBA чемпионы, 28 жастағы америкалық Джаретт Херд (22-0, 15 KO) келесі салмақ дәрежесіне өтіп, жұдырықтасуы мүмкін қарсыластарына баға берді, - деп хабарлайды AllBoxing.Ru.
Иық жарақатын жазып, қатарға қайта қосылған Херд алдымен өз салмағындағы барлық белбеуді жинамақ. Бұл мақсатына ол 2019 жылдың жазына дейін жетпек ниетте, осыдан кейін WBC, WBA (Super) және IBO чемпионы қазақстандық Геннадий Головкин көшбасшы болып тұрған орта салмаққа өтпек ойы бар.
"Қазіргі таңда алғашқы орта салмақта абсолют чемпион атануға тырысып жатырмын. 2019 жылғы дейін бола алмасам, орта салмаққа өтетін кез болады. Ол салмақта Джейкобс, Чарло, Альварес пен Головкин арасында мен үшін Дэнни ең осал қарсылас болады. Екінші - Чарло. Ең қиыны - Геннадий", - дейді Херд Premier Boxing Champions басылымына берген сұхбатында.
Херд соңғы рет 7 сәуірде Лас-Вегаста кубалық Эрисланди Ларамен (25-3-2, 14 КО) жұдырықтасып, WBA (Super) және IBO белбеулерін тартып алған. Алайда кейін біреуінен бас тартты.
Биыл Хердке WBO NABO, WBA-NABA және WBA Inter-Continental аймақтық белбеулеріне ие қазақстандық Қанат Исламмен жұдырықтасу ұсынылған еді. Мұндай ұсынысты америкалық матчмейкер Райнэло Нельсон Лопес жасаған, алайда, іс аяғына дейін бармады.

Жарнама