Бокс
4 қараша 10:38
 

Ең жоғары деңгей! Жәнібек карьерасындағы ең мықты чемпионмен айқасады

  Пікірлер

blog.share

Ең жоғары деңгей! Жәнібек карьерасындағы ең мықты чемпионмен айқасады Жәнібек Әлімханұлы. ©Тұрар Қазанғапов, Vesti.kz

Орта салмақта IBF және WBO чемпионы Жәнібек Әлімханұлының (17-0, 12 KO) кубалық Эрисланди Ларамен (31-3-3, 19 KO) жекпе-жегі қазақстандық боксшының карьерасындағы ең мықты айқас болады деп мойындалды, деп хабарлайды Vesti.kz.

blog.share

Орта салмақта IBF және WBO чемпионы Жәнібек Әлімханұлының (17-0, 12 KO) кубалық Эрисланди Ларамен (31-3-3, 19 KO) жекпе-жегі қазақстандық боксшының карьерасындағы ең мықты айқас болады деп мойындалды, деп хабарлайды Vesti.kz.

Әлімханұлы мен Лара арасындағы титул біріктіретін кездесу 6 желтоқсанда АҚШ-тың Сан-Антонио қаласында өтеді. Беделді BoxRec порталы бұл кездесуге ең жоғары баға – бес жұлдыз берді.

Мұндай рейтинг тек ең жоғары деңгейдегі жекпе-жектерге беріледі, онда мойындалған чемпиондар кездесіп, беделді белбеулер сарапқа салынады. Бұл Әлімханұлының мансабындағы алғаш рет осындай жоғары баға алған кездесу: бұған дейін оның жекпе-жектері ең көбі үш жұлдыз алған болатын.

Сарапшылар рейтингті анықтағанда бірнеше факторды ескереді – бокс кешінің мәртебесі, қарсыластардың деңгейі, сондай-ақ, чемпиондық белбеулердің саны мен маңызы.

Айта кетейік, Сан-Антониода өтетін бокс кешінің басты оқиғасы мексикалық Исаак Крус (28-3-1, 18 KO) пен америкалық Ламонт Роучтың (25-1-2, 10 KO) жекпе-жегі болмақ. Ал қазақстандық боксшы кубалық қарсыласымен ко-мейн ивент аясында шаршы алаңға шығады.


Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жарнама

Живи спортом!