Иордания астанасы Амманда өткен бокстан Азия чемпионатында аса ауыр салмақтағы финалдық айқас болды, деп хабарлайды
+92 келіде өнер көрсететін Қамшыбек Қоңқабаев Азия құрлығының алтынын өзбекстандық Лазизбек Муллажоновпен сарапқа салды. Үш раунд қорытындысы бойынша, төрешілер 5:0 есебімен жеңісті Муллажоновқа берді.
Айта кетейік, осыған дейін шаршы алаңға шыққан қазақстандық боксшылар арасында Асыланбек Шымбергенов пен Санжар Тәшкенбай Азия чемпионы атанды. Ал Дулат Бекбауов, Сәкен Бибосынов, Серік Теміржанов, Сабырхан Махмұт және Нұрқанат Райыс финалда сүрініп, күміс жүлдегер атанды.